locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды
ФОТО: Getty images

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA-1000 санатындағы турнирдегі алғашқы кездесуіне дайындалуда. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 64-орында тұрған нидерландтық Сюзан Ламенспен кездеседі. Рыбакина мен Ламенс арасындағы кездесу 9 наурызда, Астана уақытымен 23:00-де өтеді.

Рыбакинаға қарсылас атанған Ламенс турнирдің алғашқы айналымында чехиялық Мария Боузковамен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті. Ойынның қорытындысы: 3:6, 6:3, 6:3. Кездесу 2 сағат 29 минутқа созылды, ал нидерландтық спортшы бірінші сетте жеңілгеніне қарамастан, ойын тағдырын өзгерте алды.

Индиан-Уэллс турнирі дәстүрлі түрде әлемнің үздік теннисшілерін жинайды. Өткен жылы чемпиондық атақты бірінші ракетка Ига Швёнтек жеңіп алды. Польша өкілі бұл жолы да жарыстың басты фавориттерінің бірі саналады.

Индиан-Уэллс турниріне дейін Елена Рыбакина АҚШ-та өткен “Эйзенхауэр Кубогы” атты көрмелік турнирге қатысып, америкалық Тейлор Фритцпен жұптық сында жеңіске жетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie