locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина жеңісінен кейін титулды қорғауға байланысты сұраққа жауап берді

Теннис
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Елена Рыбакина жеңісінен кейін титулды қорғауға байланысты сұраққа жауап берді
Фото: gettyimages

Әлемнің жетінші ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шыққаннан кейін өзінің 2023 жылғы титулын қорғау туралы сұраққа жауап берді

— Сіз 2023 жылғы атағыңызды қорғап жатқандай сезінесіз бе?

— Мен мұнда болғаныма қуаныштымын. Өткен жылды өткізіп жібергенім өкінішті болды. Мұнда болғаныма өте қуаныштымын және бақыттымын. Маған келіп, қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет, - деді Рыбакина корттағы сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина Индиан-Уэллс-2023 жеңімпазы атанды. 2024 жылы теннисші денсаулығына байланысты жарыстан бас тартты.

Осы маусымда Рыбакина екінші айналымда Нидерланды өкілі Сюзан Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Әрі қарай Елена Ирина Бегу (Румыния) — Кэти Бултер (Ұлыбритания) матчының жеңімпазымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie