locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина — Паула Бадоса. Онлайн көру. LIVE көрсетілім

Теннис
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Елена Рыбакина — Паула Бадоса. Онлайн көру. LIVE көрсетілім
Фото: gettyimages

Бүгін Дубайда өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің үшінші айналым ойындары өтіп жатыр.

Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да өнер көрсетеді. Әлемнің жетінші ракеткасы испаниялық теннисші Паула Бадосамен кездеседі. Ол әлемдік рейтингте 10-шы орында орналасқан.

Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 15:00-де басталады. Матчты тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көруге болады.

Елена Рыбакина екінші айналымда жапониялық Моюка Учижимамен кездесіп, 2:0 (6:3, 6:2) есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, өткен жылы Дубайда өткен турнирде Елена Рыбакина ширек финалға дейін жеткен болатын.

Дубайдағы турнирдің жалпы жүлде қоры 3,6 млн АҚШ долларын құрайды.

Бұған дейін, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің Катардағы турнирді сәтсіз бастағандығын жазған болатынбыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie