Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирінен кейін WTA рейтингінде Чжэн Циньвэнді басып озады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2025 жылғы Аустралия ашық чемпионатының қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде қытайлық Чжэн Циньвэнді басып озады.
Australian Open-2024 турнирінің финалисті Чжэн Циньвэнь биылғы турнирдің екінші айналымында неміс Лаура Зигемундқа (6:7 (3:7), 3:6) жол беріп, Live-рейтингте жетінші орынға төмендеді. Бұл жағдай Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакинаға рейтингте жоғары көтерілуге мүмкіндік береді.
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін әлемдік рейтингтің жетінші орнында бастаған еді және қазір Live-рейтингте алтыншы орынға көтерілді. Алайда, оның турнирдегі нәтижесіне байланысты бес қарсыласы оны басып озуы мүмкін.
Бірінші айналымда Рыбакина австралиялық теннисші Эмерсон Джонсты сенімді түрде жеңді (6:1, 6:1).