Елена Рыбакина 2025 жылғы WTA маусымында эйс саны бойынша рекорд орнатты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина маусымдағы ең маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізді – ол 2025 жылғы WTA маусымында 200 эйс орындаған алғашқы спортшы атанды. Бұл туралы беделді статистикалық дереккөз – OptaLena X-парақшасы хабарлады.
Мерейлі межеге Рыбакина 12 маусым күні Лондонда өткен WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналым матчында жетті. Бұл ойында ол Ұлыбритания өкілі Хитер Уотсонмен (WTA №164) кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Теннисші әдеттегідей мықты доп бергенімен және шөп жамылғысында сенімді қимылымен ерекшеленді. Осылайша, ол турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл кезеңде Еленаға тәжірибелі неміс теннисшісі Татьяна Мария (WTA №86) қарсылас атанады. Айта кетейік, Мария бұған дейін күтпеген сенсация жасап, рейтингте жоғары тұрған чехиялық Каролина Мухованы (WTA №14) жеңген болатын.