Дөрекі ереже бұзған төрт теннисші ұзақ мерзімге шеттетілді
Халықаралық теннистегі адалдық агенттігі (ITIA) келісілген матчтарға қатысқаны үшін төрт теннисшіні жарыстардан шеттетті.
Олардың ішінде ең ауыр жаза таиландтық 25 жастағы Наттхасит Кунсуванға тағайындалды – ол 2022 мен 2024 жылдар аралығында 39 келісілген матчқа қатысқанын мойындады. Осы үшін ол 12 жылға теннистен шеттетілді.
Француз Джейми Флойд Анхель келісілген матч ұйымдастырып, ақша алғаны, тергеумен ынтымақтасудан бас тартқаны және айғақтарды жойғаны үшін 5 жыл 3 айға дисквалификацияланды.
Швеция намысын қорғаған, бірақ бразилиялық түбірлі 33 жастағы теннисші Кристиан Линделл төрт келісілген матчқа қатысқаны үшін 7 жылға шеттетілді. Тергеу оның Бельгиядағы келісілген матчтар синдикатымен байланысын да дәлелдеді.
Ал француз экс-спортшы Самюэль Бенсуссан ең аз мерзім – 1 жыл 11 айға дисквалификацияланды. Ол да келісілген төрт матчқа қатысқаны және синдикатпен байланысы бар екені анықталды.
Аталған кезең ішінде бұл спортшыларға кез келген теннис жарысына қатысуға, жаттықтыруға немесе ITIA мен ұлттық федерациялар ұйымдастырған іс-шараларға баруға толық тыйым салынды.
Рыбакина мен Путинцева Уимблдон-2025 турнирін кімге қарсы бастайды?