locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Денис Евсеев Прагада өтіп жатқан «Челленджер» турнирін жеңіспен бастады

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Денис Евсеев Прагада өтіп жатқан «Челленджер» турнирін жеңіспен бастады
ФОТО: nur.kz

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Чехия астанасы Прагада өтіп жатқан ATP Challenger сериясы турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады. Жартылай финалдық матчта ол жергілікті спортшы Якуб Филипті 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.

ATP Challenger Прага. Топырақ. Іріктеу. Жартылай финал
Денис Евсеев (Қазақстан) — Якуб Филип (Чехия) — 6:3, 7:5

Финалдық кезеңде Евсеев Испаниялық Даниэль Ринкон мен хорватиялық Матей Додиг жұбының жеңімпазымен кездеседі. Негізгі жеребеге шығу жолдамасы үшін матч 6 мамыр күні өтеді.

Прагадағы турнирдің жүлде қоры 91 250 еуроны құрайды.

Бұған дейін Евсеев Португалияның Эшторил қаласында өткен турнирге қатысып, 1/8 финалда әлемнің 47-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичке үш сетте жол берген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie