locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик, Синнер және Алькарас бір жылда қанша табыс тапқаны белгілі болды

Әлемнің екі үздік теннисшісі жүлде ақшасы бойынша көш бастады
Теннис
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Бублик, Синнер және Алькарас бір жылда қанша табыс тапқаны белгілі болды
ФОТО: Getty images

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТП) 2025 жылғы жүлде қоры мен бонустық пулды ескере отырып, үздік-20 тізімін жариялады.

Күткендей, ең көп табысқа Карлос Алькарас – $21,354,778 (оның ішінде $2,551,351 бонус) және Янник Синнер – $19,120,641 ие болды.

Үздік үштікке Александр Зверев те кірді – $7,468,230 ($1,408,056 бонус).

Топ-5 қатарында: Алекс де Минор – $6,666,087 ($1,424,376) және Лоренцо Музетти – $6,345,640 ($1,493,397).

Келесі үздік ондыққа енгендер:

6. Тейлор Фриц – $5,938,539 ($462,811)
7. Феликс Оже-Альяссим – $5,820,031 ($557,681)
8. Бен Шелтон – $5,672,734 ($927,475)
9. Новак Джокович – $5,140,175
10. Каспер Рууд – $3,971,374 ($678,961)

Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Александр Бублик жыл ішінде $3,084,445 ($125,588 бонус) табыс тапты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша бір маусымда ең көп жүлде жинау рекорды әлі де бұзылған жоқ. Бұл атақ әлі де аты аңызға айналған Новак Джоковичке тиесілі – ол 2015 жылы $21,646,145 тапқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie