Бұрынғы топ-теннисші Елена Рыбакинаның ойын стилін ерекше бағалады
Әлемнің бұрынғы тоғызыншы ракеткасы, неміс теннисшісі Юлия Гергес қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның ойынын жоғары бағалап, оны WTA турындағы үздік ойыншылардың бірі деп атады.
“Маған Елена өте қатты ұнайды, өйткені оның теннис ойнау стилін түсінемін. Ол ешқандай ымырасыз ойнайды. Артқы сызықтағы және доп беру кезіндегі шеберлігі жоғары, бірақ тор маңында ойынын әлі де жетілдіре алады. Оның өткір әрі қуатты соққылары мен мықты доп берулері ұнайды. Осындай ойынмен “Үлкен дулыға” турнирлерінде жеңіске жетуге болады деп ойлаймын. Елена қарсыластың қателесуін күтпейді, ол ойынды өзі басқарады.
Сонымен қатар, Ига Швёнтектің спорттық дайындығы мен оның корттағы қозғалысы ерекше ұнайды. Арина Соболенко да жыл сайын шеберлігін жетілдіріп, қажырлы еңбегінің арқасында әлемдік рейтингтің көшбасшысына айналды. Бірақ егер біреуді таңдауға тура келсе, мен Еленаны таңдар едім”, — деп атап өтті Гергес.
Бүгін, 19 желтоқсан күні, Елена Рыбакина World Tennis League көрме турниріне қатысады.
Футбол
Бүгін 02:41
Хоккей
Бүгін 02:11
Хоккей
Бүгін 01:50