РЕСМИ. Лев Скворцов Ақтөбе ойыншысы атанды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: ФК Ақтөбе
Қазақстан құрамасының оң жақ қорғаушысы Лев Скворцов “Ақтөбе” футбол клубының ойыншысы атанды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 24 жастағы футболшы Қазақстан кубогының иегеріне қосылып, 2025 жылдың қаңтарында Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады.
Бұған дейін Скворцовтың трансферлік құқығы Ресейдің “Химки” клубына тиесілі болды. 2024/2025 маусымында ол жалға алу негізінде Ярославльдің “Шинник” клубында ойнап, 17 матч өткізді.
Қазақстанда ол бұған дейін “Астана”, “Атырау” және “Тұран” командаларында ойнап, Премьер-лигада 24 матч өткізген. Ал Қазақстан құрамасы сапында 8 матчта өнер көрсетті.