Қазақстанның United Cup-тың 1/4 финалындағы ықтимал қарсыластары белгілі болды
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстан құрамасы United Cup-2025 турнирінің 1/4 финалында Е тобының жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстандық спортшылардың ықтимал қарсыластары - Қытай және Германия құрамалары.
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Испаниядан (2-1) және Грециядан басым түсті. Екі маңызды жеңісті Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина, тағы біреуін Александр Шевченко қоржынға салды. Сонымен қатар, Рыбакина мен Шевченко аралас жұпта жеңіске жетті.
Ширек финал ойындары 2025 жылдың 2 және 3 қаңтарында Пертте өтеді. Олар үш матчтан тұрады: ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей кездесулер және аралас жұп. Жеңімпаздар Сиднейге барып, 4 қаңтарда жартылай финалға шығады, ал 5 қаңтарда финалдық ойын өтеді.