Қазақстандықтардың Almaty Open турниріндегі қарсыластары белгілі болды
Алматыда беделді ATP 250 Almaty Open турнирі бастау алды. Бұл жарыста әлемнің мықты теннисшілері жүлде үшін бақ сынайды. Негізгі кезеңде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды - Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Әмір Омарханов және Тимофей Скатов.
Ұйымдастырушылар жас қазақстандықтарға арнайы wild card беріп, оларға әлемнің үздік теннисшілеріне қарсы ойнау мүмкіндігін сыйлады.
Бірінші айналымдағы жұптар:
• Александр Шевченко — Ласло Джере (Сербия)
• Бейбіт Жұқаев — Алекс Михелсен (АҚШ, №6 ракетка)
• Амир Омарханов — Габриэль Диалло (Канада, №7 ракетка)
• Тимофей Скатов — Николас Джарри (Чили)
Сонымен қатар іріктеу кезеңінде де қызу тартыс жалғасуда. Михаил Кукушкин сенімді ойынымен финалға жолдама алып, негізгі кезеңге шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал Денис Евсеев аустралиялық Бернард Томичтен ұтылып, жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.