Қазақстандық теннисшілер Бублик пен Попконың прогрессі. ATP рейтингі жаңартылды


Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP (Кәсіби-теннисшілердің ассоциацисы) әлемдік рейтингінде 77-орыннан 76-орынға көтерілді.
Бірақ Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко үздіктер рейтингінде 105-ші орыннан 106-шы орынға төмендеді.
Рейтингте ең жақсы прогрессті Мексикадағы екі Челленджердің финалында өнер көрсеткен Дмитрий Попко көрсетті. Нәтижесінде 28 жастағы қазақстандық теннисшілер ATP тізімінде 175-орыннан 159-орынға көтерілді.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин (162-орын) екі, Тимофей Скатов (179) бес, Бейбіт Жұқаев (205) 13, Денис Евсеев (253) сегіз сатыға төмендеді.
ATP рейтингінің көшбасшыларына келсек, әлемдік классификацияның үздік үштігінде италиялық Янник Синнер, германиялық Александр Зверев және испандық Карлос Алькарас қалды.