Қазақстандық теннисші Қытайдағы «Челленджер» турнирін сенімді бастады
Денис Евсеев Қытайдағы «Челленджерді» жеңіспен бастады
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KTF
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Қытайдың Цзинань қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады. Алғашқы айналымда ол қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті.
Әлемдік рейтингтің 341-орнында тұрған Евсеев матч басынан бастап ойын тізгінін өз қолына алды. Қытайлық теннисші Ван Аожань (1087) табанды қарсылық көрсеткенімен, қазақстандық спортшының класына төтеп бере алмады. Кездесу екі сетте аяқталды.
ATP Challenger, Цзинань. Іріктеу. 1-раунд
Денис Евсеев (Қазақстан, 341) — Ван Аожань (Қытай, 1087) — 7:5, 6:4
Айта кетейік, қазақстандық тағы бір теннисші Тимофей Скатов бәсекені сәтсіз бастап, бірінші айналымда-ақ аусралиялық Акира Сантильянға есе жіберді.