locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық теннисші қарсыластарын тас-талқан етіп, Қытайда кубок иеленді

Аружан Сағандықова Қытайдағы турнирді бір сет те жоғалтпай жеңіп алды
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстандық теннисші қарсыластарын тас-талқан етіп, Қытайда кубок иеленді
ФОТО: KTF

Қазақстан тағы да халықаралық аренада өз атын айқын көрсетті. Жас теннисші Аружан Сағандықова Қытайда хард кортында өткен беделді W15 турнирінің жеңімпазы атанды.

Шешуші матчта әлемдік рейтингтің 958-орнында тұрған қазақстандық спортшы ресейлік Мария Калякинамен (№797) кездесті. Сағандықова ойынның тізгінін толықтай өз қолында ұстап, екі сетте де басымдығын дәлелдеді – 6:4, 6:3. Бір жарым сағатқа созылған финал жас теннисшінің турнир бойы көрсеткен тұрақты ойынының айқын дәлелі болды.

Финал. W15 Қытай. Хард
Аружан Сағандықова (Қазақстан, №958) — Мария Калякина (Ресей, №797) — 6:4, 6:3.

Осылайша, Аружан Сағандықова жарыс барысында бірде-бір сет жоғалтпай, мансабындағы тағы бір жарқын жетістікке қол жеткізді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie