Қазақстандық әйелдер 2025 жылғы Билли Джин Кинг кубогына іріктеудегі қарсыластарын анықтады
Бүгін, 23 қаңтарда Англияның Лондон қаласындағы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) кеңсесінде Билли Джин Кинг кубогының 2025 жылғы іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе қорытындысы бойынша 18 ұлттық құрама үш командадан алты топқа бөлінді. Қазақстан құрамасының қарсыластары – матчтарды қабылдайтын Аустралия, сондай-ақ Колумбия құрамалары.
Матчтың барлық қызықты сәттерін Telegram Sports24.kz арнасында тікелей эфирде көруге болады!
Жеребе нәтижелері:
А тобы: Канада, Румыния, Жапония (алаң иелері).
В тобы: Чехия (алаң иелері), Испания, Бразилия.
С тобы: Словакия (алаң иелері), АҚШ, Дания.
D тобы: Австралия (алаң иелері), Қазақстан, Колумбия.
Е тобы: Польша (алаң иелері), Швейцария, Украина.
F тобы: Ұлыбритания, Германия, Нидерланды (алаң иелері).
Әр топтағы іріктеу үш күнге созылады және 7 сәуірден басталатын аптада өтеді. Топ жеңімпаздары Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін финалға жолдама алады.