locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының алғашқы матчында Франциядан жеңілді

Екі жекелей кездесуден кейін француздар командалық тартыста 2:0 есебімен жеңіске жетті
Теннис
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының алғашқы матчында Франциядан жеңілді
ФОТО: КТФ

Қазақстан құрамасы Каирде (Мысыр) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогы финалдық кезеңінің (Junior Davis Cup Finals) топтық кезеңіндегі алғашқы кездесуде Франция құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екінші жекелей сында қазақстандық Ахмади Маханов француз Пабло Прадатомен кездесті. Тартыс үш сетке созылды. Маханов алғашқы партияда 6:4 есебімен жеңіске жеткенімен, кейінгі екі сетте қарсыласына 3:6, 4:6 есебімен жол берді.

Осылайша, қазақстандық теннисші матчта 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін Ансар Ниеткалиев те Франция өкілі Бенуа Гелдорфты жеңе алмады. Кездесу 3:6, 3:6 есебімен аяқталды.

Қорытынды жұптық кездесу Қазақстан құрамынан Ансар Ниеткалиев пен Родион Трайгельдің қатысуымен өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Франция, АҚШ және Үндістанмен бір топқа түсті. Қазақстандықтар келесі кездесуін 3 қарашада америкалық командаға қарсы өткізсе, 4 қарашада Үндістанмен ойнайды.

Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне 16 ұлттық құрама қатысады. Топтық кезең қорытындысы бойынша әр квартеттегі үздік екі команда ширек финалға жолдама алады.

Тек Beeline клиенттеріне Қазақстан бойынша Starlink спутниктерімен жұмыс істейтін алғашқы ғарыштық мобильді байланыс қолжетімді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie