Қазақстан құрамасының Дэвис кубогіндегі Таиландқа қарсы матчқа құрамы анықталды
Қазақстанның ерлер теннис құрамасының Дэвис кубогінің әлемдік екінші тобы аясында Таиландқа қарсы өтетін алдағы матчқа құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құрамаға бес теннисші енді:
- Александр Шевченко;
- Денис Евсеев;
- Тимофей Скатов;
- Бейбит Жукаев;
- Амир Омарханов.
Қазақстан құрамасының капитаны — Диас Досқараев.
Таиланд құрамасының сапына мына теннисшілер кірді:
- Pawit Sornlaksup;
- Thanapet Chanta;
- Maximus Parapol Jones;
- Kasidit Samrej;
- Pruchya Isaro.
Таиланд құрамасының капитаны — Thanakorn Srichaphan.
Қазақстан — Таиланд матчы 2026 жылғы 18–19 қыркүйекте Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.
Қарсыласу бес матчтан тұрады: төрт жекелей және бір жұптық кездесу. Бірінші ойын күні, 18 қыркүйекте, екі жекелей матч өтеді. 19 қыркүйекте командалар жұптық кездесуде күш сынасады, одан кейін тағы екі жекелей матч жоспарланған.
18 қыркүйектегі матчтар Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал 19 қыркүйектегі кездесулер сағат 12:00-де басталады.
Қарсыластығуда жеңіске жеткен команда 2027 жылғы Дэвис кубогінің әлемдік бірінші тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Турнирлердің бірін де жіберіп алмау үшін Beeline-нан үйдегі интернетті тиімді бағамен 24 сағат ішінде қосыңыз.
Lexus. Experience Amazing.
«A'SU ішіңіз — әр сағат сайын».