locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Шевченко халықаралық теннис лигасының екінші турында өнер көрсетті

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Александр Шевченко халықаралық теннис лигасының екінші турында өнер көрсетті
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Мировой теннис лигасының (World Tennis League) жекелей сында жеңіске жетті. Ол үндістандық Самит Нагалды 6:2, 1:1 есебімен (матч мерзімінен бұрын аяқталды) ұтты.

Жұптық сында Шевченко грек теннисшісі Стефанос Циципаспен бірге Самит Нагал және австралиялық Джордан Томпсон жұбына 4:6 есебімен есе жіберді.

Шевченко мен Циципас “Бүркіттер” (Eagles) командасының намысын қорғауда. Команданың құрамында сондай-ақ польшалық Ига Швёнтек пен испаниялық Пауло Бадоса бар.

Екінші турда Eagles командасы “Қаршығаларға” (Hawks) 14:21 есебімен жол берді. Әйелдер арасындағы жекелей сында Бадоса Беларусь өкілі Арина Соболенкоға (2:6) есе жіберсе, жұптық сында Соболенко мен ресейлік Мирра Андреева жұбы Бадоса мен Швёнтек жұбынан басым түсті (6:1).

Екінші турдың келесі кездесуінде “Сұңқарлар” (Falcons) мен “Қарғалар” (Kites) кездеседі. Falcons құрамында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie