Александр Бублик пен Михаил Кукушкин Монпельедегі турнирде өнер көрсетеді
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Францияның Монпелье қаласында өтетін ATP 250 санатындағы турнирдің торы жарияланды.
Турнирге Қазақстан атынан екі теннисші қатысады: өткен жылғы чемпион Александр Бублик (әлемнің 37-ракеткасы) және Михаил Кукушкин (110-ракетка).
Александр Бублик жарысқа екінші айналымнан қосылады, онда оның қарсыласы Грегуар Баррер (Франция) мен Доминик Кёпфер (Германия) жұбының жеңімпазы болады. Ал Михаил Кукушкин алғашқы айналымда іріктеу кезеңінен өткен ойыншымен кездеседі.
Еске сала кетейік, Александр Бублик – Монпелье турнирінің қазіргі чемпионы. Өткен жылы финалда ол хорват Борна Чоричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңген болатын.