locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Бублик: «Үлкен дулыға» турнирін ұту ешқашан мақсатым болмаған

Қазақстандық теннисші басты жетістіктерден гөрі тұрақтылықты жоғары қоятынын айтты
Теннис
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Александр Бублик: «Үлкен дулыға» турнирін ұту ешқашан мақсатым болмаған
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалынан кейінгі баспасөз мәслихатында шынайы мәлімдеме жасады. Айта кетейік, ол бұл кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерге 1:6, 5:7, 0:6 есебімен жеңілген болатын.

«Неге бәрін өзгерту керек, егер бәрі жұмыс істеп тұрса? Менің ешқашан «Үлкен дулыға» турнирін ұтамын деген мақсатым болған жоқ. Ондай ой да келмеген. Бұл мүмкін бе, мүмкін емес пе – маңызды емес. Мен жай ғана ешқашан оны қаламадым. Теннис мен үшін – саяхат. Бұл өмірімнің маңызды бөлігі. Қазір менде бір ширек финал бар, енді үшеуін жасау керек. Жақсы болар еді. Бірақ болмаса да – ештеңе етпейді. Менде төртінші айналымдар бар. ATP 250 мен 500 турнирлеріндегі жеңістерім де жеткілікті. Мүмкін, бір күні «Мастерс» турнирін ұтып қалармын. Бәрі жақсы жүріп жатыр. Егер келесі 10 жылда рейтингте үздік 50-60 ойыншының қатарында болсам, мен үшін бұл – үлкен жетістік», – деді ол.

Айта кетейік, Синнер турнирдің жартылай финалында Новак Джоковичпен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie