168 мың еуро мен үшінші айналым: Бублик «Ролан Гаррос» – 2025 турнирінде табысты өнер көрсетуде
Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылғы Франция ашық чемпионатының екінші аптасына жолдама алып, жарыстың үшінші айналымына өтті.
Осы жетістігі үшін ол 168 мың еуро көлемінде жүлде қаржысына ие болды.
Турнирдің алғашқы айналымында Бублик Аустралия өкілі Джеймс Даквортты үш сетте — 6:2, 6:4, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді. Екінші айналымда Александр әлемнің тоғызыншы ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минаурға қарсы ойында керемет камбэк жасады. Алғашқы екі сетте ұтылғанына қарамастан, Бублик матчты 2:6, 2:6, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші португалиялық Энрике Роша мен чехиялық Якуб Меншик арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің қазіргі чемпионы – испаниялық Карлос Алькарас. Ол 2024 жылғы финалда германиялық Александр Зверевті жеңіп, атаққа ие болған еді.