locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жүлде артынан тағы жүлде: Қазақстандық мергендер қарсыластарға дем берер емес

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram

Тайландтың астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия Кубогында қазақстандық мергендер тағы үш жүлде жеңіп алды.

Винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып атудан Токио Олимпиадасының қатысушысы Юрий Юрков 620.2 ұпай жинап, алтын медаль иегері атанды. Бұл сында тағы бір спортшымыз Никита Шахторин 616.7 ұпаймен қола жүлдені еншіледі.

Командалық сайыста Константин Малиновский, Юрий Юрков пен Никита Шахторин жалпы есепте топ жарып, алтын медаль иеленді. Олардың үйлесімді дайындығы мен шеберлігі жеңіске жеткізді.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль бар. Бұған дейін ел қоржынында 14 медаль болған еді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 9-22 ақпан аралығында Қазақстанның нысана көздеу құрамасы Азия Кубогына қатысуда. Бұл жарысқа 23 елден 300-ден астам спортшы қатысып, Қазақстан намысын 32 мерген қорғап жатыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie