locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өзбекстандық дзюдошы Париждегі Гранд Слэм турнирінде жеңімпаз атанды

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Өзбекстандық дзюдошы Париждегі Гранд Слэм турнирінде жеңімпаз атанды
Фото: gettyimages

Парижде дзюдодан дәстүрлі Гранд Слэм турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде өзбекстандық Шахром Ахадов (73 кг) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Финалда Ахадов косоволық танымал балуан Акил Гяковпен белдескен болатын. Дзюдошылар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмай, голден скорда өзбек спортшысы жеңіске жетті.

Ахадовтан бөлек өзбектің тағы бір балуаны – Бахром Ботуров 60 келіде қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал Қазақстан құрамасы наурызға дейін ешқандай халықаралық жарыстарға қатыспайды. Ұлттық құрама мүшелері 4 ақпанда Астанада оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі Grand Slam турниріне қатысатын болды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie