Өзбекстандық ауыр атлет Руслан Нурудинов әлемдік рекорд орнатып, әлем чемпионы атанды
Өзбекстандық ауыр атлет Руслан Нурудинов әлемнің ең мықты спортшыларының бірі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Манамада (Бахрейн) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ол тек алтын медаль иеленіп қана қоймай, жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Нурудинов 109 килограмнан төмен салмақ категориясында өнер көрсетіп, тамаша нәтижелер көрсеткен. Жұлқуда 182 килограммды көтеріп, бесінші орын алды, ал серпе көтеруде жаңа әлемдік рекорд орнатып, 242 килограммды көтерді. Бұған дейін 2019 жылы Ташкентте өз рекордын (241 кг) жаңартқан болатын.
Екі жаттығудың қосындысы бойынша оның нәтижесі 424 килограмды құрап, жеңісін қамтамасыз етіп, әлем чемпионатында үшінші алтын медалін алды. Бұған дейін 2013 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанған болатын, осылайша үш дүркін әлем чемпионы атағын иеленді.
2024 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы Қазақстан әйелдер құрамасының нәтижелері.