XDS Astana Team командасының велошабандозы Грекиядағы жарыста көш бастады
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
«Грекия туры» көпкүндік жарысының шешуші таулы кезеңдерінің бірі велошабандоздардың 20 шақырымдық Арахова асуына көтерілуімен мәресіне жетті.
XDS Astana Team командасының өкілі Харольд Мартин Лопес кезеңде екінші орынға ие болып, жалпы есепте көшбасшылықты қолына алды.
XDS Astana Team командасының тағы бір өкілі Диего Улисси кезеңді бесінші болып аяқтады.
Бұған дейін, «Грекия Турының»бірінші кезеңінде жаппай спринтте Глеб Сырица үшінші орын иеленген болатын.
Аталған жарысқа XDS Astana Team командасынан төрт велошабандоз қатысып жатыр.