XDS Astana Team «Джиро д’Италия» көпкүндік жарысының бесінші кезеңінде өнер көрсетті: Никола Кончи үздік ондыққа жақын
Италияда өтіп жатқан беделді «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысының бесінші кезеңінде XDS Astana Team командасы бақ сынады.
Қазақстандық ұжым сапында ең үздік нәтижені Никола Кончи көрсетті - ол мәреге 13-ші болып жетті.
Командадағы өзге велошабандоздардың көрсеткіштері келесідей: Диего Улисси - 15-орын, Лоренцо Фортунато - 50-орын, Ваут Пулс - 52-орын, Кристиан Скарони - 93-орын, Макс Кантер - 112-орын, Фаусто Маснада - 115-орын, ал Антон Кузьмин кезеңді 151-ші болып аяқтады.
Бұл кезеңде жеңіске дат шабандозы Мадс Педерсен (Lidl-Trek) жетті. Екінші орынды Bahrain-Victorious командасынан Эдоардо Дзамбанини иеленсе, үздік үштікті Q36.5 Pro Cycling Team құрамындағы Том Пидкок қорытындылады.
Айта кетейік, «Джиро д’Италия» туры 21 кезеңнен тұрады және 1 маусым күні мәресіне жетеді.