locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Қазақстан құрамасы Азияда-2025 ашылу салтанатында шеруге қатысты

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ВИДЕО. Қазақстан құрамасы Азияда-2025 ашылу салтанатында шеруге қатысты
ФОТО: olympic.kz

Қытайдың Харбин қаласында IX Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарыстарда Қазақстан құрамасының намысын 137 спортшы қорғайды, олар алты спорт түрінде сынға түседі.

Дәстүр бойынша, командалар шеруі әліпби ретімен өтті. Қазақстандық спортшылар Азияда-2025-те ең үлкен құрамалардың бірі болды. Елдің мемлекеттік туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова алып шықты.

ФОТО: olympic.kz

Қысқы Азия ойындары тарихында Қазақстан құрамасы жалпы 196 медаль жеңіп алды: 78 алтын, 62 күміс және 56 қола. Соңғы рет 2017 жылы Саппорода өткен Азия ойындарында Қазақстан 32 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте төртінші орын алды. Ел спортшылары шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты және шорт-трек секілді спорт түрлерінде мықты өнер көрсетіп, Харбинде де жоғары нәтижеге үміт артып отыр.

Қысқы Азия ойындары. Қазақстан құрамасы шорт-тректен финалға жолдама алды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie