UWW рек-рим күресіне өзгеріс енгізеді
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
Халықаралық күрес федерациясы сәуірде өтетін Еуропа чемпионатында жаңа ереже енгізіп, сынақ жасап көрмек.
Жаңа эксперимент бойынша күрестегі белдесу 1:1 есебімен аяқталған жағдайда, жеңіс алғашқы ұпайды еншілеген балуанға беріледі.
United World Wrestling жазбасына сәйкес, бұл өзгеріс балуандарды соңына дейін жүріп алмай, басынан белсенді болуға ынталандыру мақсатында енгізіліп отыр.
Естеріңізде болса, бұрын бұндай жағдайда жеңіс соңғы ұпайдың иесіне берілетін. Енді керісінше болмақ. Мұны алдағы жарыстардағы сынақта байқайтын боламыз.
Қарағанды қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспрімдер және 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр