Универсиада 2025. Шорт-тректен турнирге он екі қазақстандық қатысады
2025 жылы Италияның Турин қаласында өтетін Универсиадада шорт-тректен бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың құрамы белгілі болды.
Турнирге барлығы алты спортшы мен алты спортшы-қыз қатысады.
Әйелдер:
500 м: Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Малика Ермек.
1000 м: Алина Ажғалиева, Яна Хан, Малика Ермек.
1500 м: Алина Ажғалиева, Анастасия Галечина, Яна Хан, Полина Омельчук.
Ерлер:
500 м: Валерий Клименко, Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Айбек Темірхан.
1000 м: Әлішер Абдулкатимов, Дамир Құрманов, Дінмұхамедалдияр Тәжібай.
1500 м: Әлішер Абдулқатимов, Айбек Темірхан, Санжар Жанысов.
Сондай-ақ қазақстандықтар ерлер, әйелдер және аралас эстафеталарда бақ сынамақ.
2025 жылғы Универсиададағы шорт-трек турнирі сейсенбі, 21 қаңтар мен бейсенбі, 23 қаңтар аралығында "Палавела Арена" мұз айдынында өтеді.