locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қуат, жігер, жеңіс: Қазақстан қыздары күрес әлемін қалай бағындырды?

Афинада өткен әлем чемпионатында Қазақстан жас балуандары жүлдемен оралды
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қуат, жігер, жеңіс: Қазақстан қыздары күрес әлемін қалай бағындырды?
ФОТО: uww.org

Грекия астанасы Афинада аяқталған 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы лайықты өнер көрсетті. Жас балуандарымыз үш медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бесінші, ал медальдық рейтингте алтыншы орыннан көрінді.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Мадхия Усманова алтын медаль жеңіп алып, турнирдегі басты сенсациялардың біріне айналды. Жарыс жолында ешқандай қарсыласына мүмкіндік бермей, финалға сенімді жетіп, чемпиондық атақты толық лайықты түрде жеңіп алды. Бұл - Қазақстан делегациясы үшін ерекше қуаныш болған айқын жеңіс.

Сонымен қатар, Інжу Баққожа (43 кг дейін) мен Шахизада Дәулетжан (69 кг дейін) қола жүлдеге қол жеткізіп, қиын қарсыластармен күресте табандылық танытып, ел қоржынына тағы екі медаль салды.

Жалпы ұпай саны бойынша Қазақстан тек әйелдер күресі бойынша алдыңғы қатарлы державалар - Үндістан, АҚШ, Қытай, Жапония және Мажарстаннан кейінгі орынға жайғасты. Ал медаль саны бойынша көшті Қытай, АҚШ және Үндістан командалары бастады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie