locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Түркиялық балуан Риза Каяалп допинг үшін төрт жылға шеттетілді

Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Түркиялық балуан Риза Каяалп допинг үшін төрт жылға шеттетілді
ФОТО: Getty Images

Грек-рим күресінен үш дүркін Олимпиада жүлдегері, түркиялық спортшы Риза Каяалп допинг ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық допингке қарсы тестілеу агенттігінің (ITA) ресми сайтында хабарланды.

Ұйымның мәліметінше, 2024 жылдың 28 мамырында Каяалптан алынған допинг сынамасы тыйым салынған триметазидин затының бар екенін анықтаған. Осыдан кейін спортшы уақытша жарыстардан шеттетілді. 2025 жылдың ақпанында Спорттық арбитраж сотының (CAS ADD) антидопингтік панелі 35 жастағы балуанның ережелерді бұзғанын растады. Осыған байланысты Каяалп 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2028 жылдың 30 маусымына дейін төрт жылға дисквалификацияланды. Сондай-ақ, оның 2024 жылдың 28 мамырынан бергі барлық нәтижелері жойылды.

Риза Каяалп – заманауи күрестің ең атақты спортшыларының бірі. Ол бес мәрте әлем чемпионы және 11 дүркін Еуропа чемпионы атанған. Олимпиада ойындарында да үлкен жетістіктерге жетіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода күміс, ал 2012 жылғы Лондон және 2021 жылғы Токио Олимпиадаларында қола медаль иеленген.

Сондай-ақ оқыңыз: Елдос Сметовтің Лондонда қайда жаттығып жүргені белгілі болды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie