Тректегі велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
Тректегі велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Малайзияның Нилай қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмақан командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 03:59.215 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті.
Алтын медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды, ал Жапония күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін екі қазақстандық гимнастшылар әлемдік деңгейдегі жарыстарда алтын медаль жеңіп алғаны туралы жазған едік. Оның бірі Михаил Шайдоров болса, бірі Милад Карими.