locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Тоқаев Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеніне барды: бұқаралық спорт пен жастарға қолдау - басты назарда

Президенті Астанада орналасқан Бекзат Саттарханов атындағы жаңа көпфункционалды спорт кешеніне барды
Басқа спорт түрлері 19 мау 2025 03:25
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Тоқаев Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеніне барды: бұқаралық спорт пен жастарға қолдау - басты назарда
ФОТО: Ақ Орда

Мемлекет басшысына кешеннің инфрақұрылымы таныстырылып, оның әртүрлі спорттық және сауықтыру шараларын өткізуге арналған кең алаң ретінде қызмет ететіні айтылды.

Мұнда жергілікті және республикалық деңгейдегі жарыстар өтеді, сондай-ақ халықтың салауатты өмір салтын қолдайтын бағдарламалар жүзеге асырылады.

Спорт кешенінің аумағында бокс, дзюдо, қазақ күресі және өзге де жекпе-жек түрлеріне арналған залдар жұмыс істейді. Сонымен қатар футзал, волейбол және баскетбол алаңдары да бар.

Президент елде бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көбірек салу қажет екенін атап өтті. Ол жас футболшылар мен боксшылармен тілдесіп, болашақта әлем және Олимпиада чемпиондары болуға тілектестік білдірді.

– Жеңіске жету үшін ең алдымен еңбек ету қажет. Тек табандылық пен еңбекқорлық қана үлкен жетістіктерге жеткізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұндай нысандардың арқасында қазақстандық жастардың спорттық әлеуеті артып, жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік алатынына сенім білдірді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie