locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тағы да допинг: Қазақстандық спортшы спорттан шеттетілді

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Тағы да допинг: Қазақстандық спортшы спорттан шеттетілді
Фото: gettyimages

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) өздерінің ресми сайтында грэпплингтен әлем чемпионы, қазақстандық Сәрсен Жетібаевқа қатысты мәлімдеме жасады.

Сәрсен Жетібаев 2024 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін WADA-ның антидопингтік ережелерін бұзды деген айып тағылып, спорттан уақытша шеттетілді.

Бірақ жарыстан кейін бекітілген регламентке сәйкес, Сәрсен допинг бақылаудан өтті. Тапсырған сынамасынан кейін қанынан тыйым салынған "Болденон" препараты табылғаны белгілі болды.

Спортшы кінәсіздігін дәлелдей алмаса, ұзақ мерзімге дисквалификация алуы мүмкін. Себебі "Болденон" – анаболикалық стероидтар қатарына жататын препарат.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионы атанған Самат Айтпанбет те допинг бақылаудан өте алмаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie