locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Үстел теннисі: Алан Курманғалиев әлем чемпионын өз жерінде жеңіп, China Youth Smash жартылай финалына шықты

Қазақстандық спортшы қарсыласын өз елінде тізе бүктірді
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Үстел теннисінен Алан Курманғалиев әлем чемпионын өз жерінде жеңіп, China Youth Smash жартылай финалына шықты
ФОТО: Оlympic.kz

Қазақстан үстел теннисі командасының өкілі Алан Курманғалиев Пекиндегі China Youth Smash турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.

Жартылай финал жолдамасы үшін өткен шиеленісті кездесуде Алан Курманғалиев жергілікті теннисші, жастар арасында әлем және Азия чемпионы саналатын Ли Хеченнен басым түсті.

Кездесу қазақстандықтың 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды.

Алан 2007 жылдың 12 қаңтарында Қарағандыда (Қазақстан) дүниеге келген, ол – ұлттық құраманың мүшесі, қазақстандық үстел теннисшісі.

Курманғалиев – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сондай-ақ, ол – 2022 жылғы Азия жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері (кадеттер арасындағы жеке сында), 2021 жылғы Азия чемпионатының ширек финалисі (Қазақстан құрамасы сапында), 2021 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы күміс жүлдегері, Бангкокта өткен беделді Asia Hopes Week Азия турнирінің жеңімпазы, 2019 жылы Салаледе өткен ITTF World Hopes Week and Challenge әлемдік турнирінің күміс жүлдегері. 2019 жылы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) нұсқасы бойынша әлемнің үздік кадеті атанып, 2022 жылы кадеттер арасында WTT (ITTF) рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie