Софья Берульцева Каирдегі каратэден әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық каратэші, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері әрі Дүниежүзілік ойындардың, Азия ойындарының және Азия чемпионатының жеңімпазы Софья Берульцева Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Жартылай финалда ол Англия өкілі Рошель Уолтерсті сенімді түрде 5:3 есебімен жеңді.
Алтын медаль үшін шешуші жекпе-жекті Берульцева алдағы түні Германия спортшысы Йоханна Колено Книрге қарсы өткізеді. Бұдан бөлек, қазақстандық каратэшілер Дидар Әмірәлі (-67 кг) мен Асель Қанай (-61 кг) турнирдің қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды.
68 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде топтық кезеңде Софья тамаша нәтиже көрсетіп, барлық кездесулерін жеңіспен аяқтады:
— Исра Бен Тайебке (Тунис) қарсы — 3:3 (артықшылықпен жеңіс),
— Мария Коман Кристинаға (Румыния) қарсы — 3:3 (артықшылықпен жеңіс),
— Бао Беднарски Софиға (Швеция) қарсы — 3:1.
1/8 финалда Берульцева Италиядан Клио Ферракутиді, ал ширек финалда Ингрид Крименсті жеңді.
Жалпы, Каирде өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының кумитэ бағдарламасы бойынша сегіз спортшы қатысты.
29 қараша жас дзюдошылар Ақтаудағы турнирдің үшінші күнінде негізгі салмақ дәрежелеріндегі жүлделерді сарапқа салды