София Самоделкинаның қысқы Азия ойындарында өнер көрсететін күні белгілі болды
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: IG Софья
Қазақстан атынан сынға түсетін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарында алғаш рет мұз айдынына шығатын күні мен уақытын білді. Жақында Қазақстан азаматтығын алған Софья жеке жарыстар аясында 12 ақпанда қысқа бағдарламамен өнер көрсетеді.
Ол 18-нөмірмен өнер көрсетіп, мұз айдынына Қазақстан уақытымен 14:00-де шығады. Ал мәнерлеп сырғанаушылар үшін келесі кезең – 13 ақпанда өтетін еркін бағдарлама.
Айта кетейік, соңғы уақытта Софья керемет нәтижелер көрсетіп, жақында өткен қысқы Универсиадада қола жүлдеге ие болды.