Сметовтың суреті халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енді
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың суреті халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енді.
IJF күнтізбесіне жариялауға ресми рұқсат етілген, спорттың абыройын асқақтатын, Халықаралық дзюдо федерациясының талаптарына сай фотосуреттер ғана салынады.
Сондай-ақ, күнтізбеге дзюдо тарихында елеулі еңбегі сіңген Олимпиада немесе Әлем чемпионатының жеңімпаздарының суреттері ғана енгізіледі.
2025 жылғы жаңартылған күнтізбеге Елдос Сметовтың Париж Олимпиадасында марапаттау сәтіндегі сурет қойылған.
Бұл жаңалықпен спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Еске салайық, Елдос Сметов 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған еді. Кейін 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль алды. Ал, 2024 жылы өзінің үшінші Олимпиадасының финалында франциялық Лука Мхайдзені жеңіп, алтын алған еді.
Данияр Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз. Жекпе-жекке өтпей қалуы мүмкін бе? Жауап мына сілтемеде