Сметов \"жылдың үздік дзюдошысы\" атағына үміткер
Халықаралық дзюдо федерациясы сегіз номинация бойынша IJF Juno Awards 2024 үміткерлерінің тізімін жариялады.
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов "ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы" (Male Judoka of the Year) номинациясында жеңіске үміткер ретінде рейтингке кірді. Өз кезегінде Ғалымжан Қырықбай "үздік иппон" (Best Ippon) номинациясы бойынша сыйлыққа ұсынылды.
Сметовпен бірге Париж-2024 Олимпиадасының тағы жеті чемпионы жеңіске үміткер, 20 дзюдошы техниктер "үздік иппон" номинациясына үміткер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, IJF Judo Awards 2024 номинациялары бойынша жеңімпаздарды таңдау процесі екі кезеңнен тұрады: біріншісі — онлайн дауыс беру, екіншісі – IJF Judo Awards комитетінің қысқа тізімінен жеңімпаздарды таңдау.
Онлайн дауыс беру 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін өтеді.