Шымкентте маунти - байктан ел чемпионаты өтті
2025 жылдың 1-3 сәуірі аралығында Шымкент қаласында маунтин-байк (кросс-кантри Олимпик) бойынша Қазақстан чемпионаты өтті.
Сайысқа еліміздің әр өңірінен ең мықты велошабандоздар қатысты.
Чемпионат ерлер мен әйелдер арасында өткізілді. Велосипедшілер қиын тау жолдарынан өтіп, техникалық шеберліктерін және жоғары төзімділіктерін көрсетті.
Нәтижелер:
Ерлер:
Сергиенко Денис (Жетісу облысы) — 1:26.22
Карасёв Егор (Алматы облысы) — 1:28.01
Казаков Константин (Шымкент) — 1:31.27
Әйелдер:
Генелёва Татьяна (Павлодар облысы) — 1:29.07
Казакова Виолетта (Шымкент) — 1:32.11
Карасёва Алина (Алматы облысы) — 1:33.04
Сайыстың соңғы күнінде кросс-кантри (XCR) командалық эстафетасы өтті. Эстафетаға бес адамнан тұратын командалар қатысты. Барлық қатысушылар тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі орындар үшін күресті.
Командалық эстафетаның нәтижелері (XCR):
Шымкент
Фефлов Алексей, Казакова Виолетта, Раимбеков Марлен, Бундина Софья, Галкин Никита
Жамбыл облысы
Джукаев Фархат, Буренкова Ангелина, Щевцов Данил, Ли Юля, Сағиндиков Алмас
Астана
Стрельченко Кирилл, Адильбек Дамиля, Куйтенов Мурат, Риве Кирилл, Котельникова Милана