Шанхайдағы Гран-приде Қазақстанның рапирашы спортшылары жүлде үшін таласады
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстанның рапирадан құрама командасы 16-18 мамыр аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтетін беделді Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.
Халықаралық додада еліміздің намысын үш спортшы қорғайды. Ерлер арасындағы бәсекеге Ғалым Нұрумов пен Тимофей Семенов қатысады. Ал әйелдер сайысында Қазақстан атынан Софья Ақтаева өнер көрсетеді.
Шанхайдағы Гран-при - әлемнің үздік семсерлесушілері жиналатын айтулы жарыс. Бұл дода — қазақстандық спортшылар үшін халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ.