Шаңғы фристайл-могул. Жеті қазақстандық Әлем Кубогының бірінші кезеңінде өнер көрсетеді
Турнир 19 желтоқсанда грузиялық Бакурианиде басталады
Басқа спорт түрлері
Александр Шарадкин
Шаңғы фристайл-могул. Жеті қазақстандық Әлем Кубогының бірінші кезеңінде өнер көрсетеді
Шаңғы фристайлынан Әлем Кубогының бірінші кезеңіне Қазақстан командасының өтінімі белгілі болды.
Өтінімге барлығы жеті адам - төрт спортшы және үш спортшы-қыздарымыз кірді:
Ерлер: Павел Колмаков, Антон Бондарев, Фёдор Бугаков және Максим Емельянов.
Әйелдер: Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әміренова.
Жеке могулдағы Әлем Кубогының бірінші кезеңінің негізгі жарыстары жұма, 20 желтоқсанда, ал параллель могул 21 желтоқсан күні, сенбіде өтеді.