locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сенсациялық подиум. Эстерсундте қазақстандық биатлоншы қыздардың қатысуымен әйелдер спринті аяқталды

Қуып жету жарысы Қазақстан құрамасынсыз өтеді
Басқа спорт түрлері
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Сенсациялық подиум. Эстерсундте қазақстандық биатлоншы қыздардың қатысуымен әйелдер спринті аяқталды
ФОТО: olympic.kz

5 желтоқсанда Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңі аясында әйелдер спринті өтті. Бұл жарыс қазақстандық биатлоншы қыздар үшін бірінші кезеңдегі соңғы сын болды.

Әйелдер құрамасының ешбір өкілі топ-60-қа іліге алмай, осылайша 7 желтоқсанда Эстерсундте кезеңді қорытындылайтын қуып жету жарысына жолдама ала алмады. Қазақстандық биатлоншыларға тек топ-85-тің сыртында қалу ғана бұйырды.

Алайда сенсация подиумда орын алды. Үлкен Хрусталь шардың басты үміткерлері саналатын Лиза Витоцци, Доротея Вирер, жекелей жарыстың жеңімпазы немесе Лу Жанмонноның өзі де алғашқы ондыққа кіре алмады.

Жеңісті финляндиялық Суви Минкиннен қанжығасына байлады, күміс жүлде швед Анна Магнуссонға бұйырды, ал қола франциялық Осеан Мишелонға тиді.

Биатлон. Әлем кубогы, 1-кезең (Эстерсунд, Швеция). Спринт, әйелдер

1. Суви Минкиннен (Финляндия) (0+0) - 20:11.9
2. Анна Магнуссон (Швеция) (0+0) - +16.6
3. Осеан Мишелон (Франция) (0+0) - +20.8

89. Полина Егорова (0+1) - +3.19.5
94. Әйша Рақышева (2+0) - +3:59.3
96. Милана Генева (2+0) - +4:03.0

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie