Самоков төрінде көк байрақты кім көтереді? Күрестен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Жастар маусымындағы басты сын – 20 жасқа дейінгі әлем чемпионаты – 17-24 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында өтеді. Дүниежүзілік додада үш бағдарлама қатар өтеді: еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.
Жалпы тізімге 29 спортшы енді. Олардың арасында жастар құрамасының көшбасшылары да, халықаралық аренада өз есімін енді танытқалы отырған жаңа дарындар да бар.
Еркін күрес (ерлер):
57 кг — Нұрданат Айтанов
61 кг — Алан Оралбек
65 кг — Ералы Жеңісов
70 кг — Сұңқар Сейдахмет
74 кг — Досжан Құлғайып
79 кг — Ержан Әбіл
86 кг — Қасым-Жомарт Әлин
92 кг — Камиль Куругулиев
97 кг — Самир Дұрсынов
125 кг — Едіге Қасымбек
Еркін күрес (әйелдер):
50 кг — Мейрамгүл Ахметжан
55 кг — Алиана Махамбетова
57 кг — Анна Стратан
59 кг — Әнел Шоқайева
62 кг — Айдана Шораева
65 кг — Қыз-Жібек Жарқынбаева
68 кг — Сабина Торей
72 кг — Мейрамгүл Максот
76 кг — Әліна Ертостик
Грек-рим күресі:
55 кг — Арсен Жұма
60 кг — Саламат Мұратұлы
63 кг — Саламат Ибрашов
67 кг — Әлібек Түрліғазы
72 кг — Юсуф Ашрапов
77 кг — Ақжан Ықыласов
82 кг — Диас Сейткалиев
87 кг — Темірлан Тұрдақын
97 кг — Нұрасыл Аманалы
130 кг — Қуаныш Амангелді
Бұл жарыс көптеген спортшылар үшін маусымның басты сынағы болмақ. Олар өз шеберлігін дәлелдеп, ел намысын абыроймен қорғауға ұмтылады. Әсіресе, Азия чемпионаттарында көзге түскен балуандардың өнеріне жанкүйерлердің назары ерекше ауады.
Айта кетсек, жуырда Бішкекте өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында еркін күрестен қазақстандықтар 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болған еді.