locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Салдары бар нокаут: қазақ спортшысы Power Slap турнирінде жеңіске жеткен соң дисквалификацияланды

Семейлік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Закир Найманбаев кезекті қарсыласын нокаутқа жіберді
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Салдары бар нокаут: қазақ спортшысы Power Slap турнирінде жеңіске жеткен соң дисквалификацияланды
ФОТО: ufceurasia инстаграм парақшасынан

АҚШ-та өткен Power Slap 13 турнирінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Закир Найманбаев дау-дамайдың ортасында қалды.

Азия чемпионы, әрі мамандығы бойынша мектеп мұғалімі саналатын семейлік атлет ауыр салмақта үшінші маусымға қатысушы америкалық Брайс Джонспен кездескен болатын.

Жекпе-жек көрермендер үшін өте әсерлі өтті – Найманбаев қарсыласын жалғыз соққымен терең нокаутқа жіберді. Алайда, артынша төрешілер сәтті қайта қарап, спортшының жарыс ережелерін бұзғанын анықтап, оны дисквалификациялау туралы шешім қабылдады.

Бұл - Закир Найманбаевтың UFC президенті Дана Уайт жүргізетін Power Slap жобасындағы екінші кездесуі. Бұған дейінгі, Power Slap 11 турниріндегі дебютінде ол дат спортшысы Троэль Нильсенді айқын жеңіп, 10 мың доллар көлемінде бонусқа ие болған және Уайттың назарын өзіне аударған еді.

Алайда, бұл жолғы әсерлі өнер көрсетуі ережені бұзумен көлеңкеленіп, қазақстандық спортшы тек ұпайлардан ғана емес, халықаралық аренадағы беделінен де айырылып қалуы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie