locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сабина Алтынбекова шетелдік клубтың капитаны болып тағайындалды

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Сабина Алтынбекова шетелдік клубтың капитаны  болып тағайындалды
ФОТО: Instagram

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық Yogya Falcons командасының капитаны болып тағайындалды.

“Yogya Falcons командасының капитаны болу мен үшін үлкен құрмет. Біздің командаға, жаттықтырушыларға, менеджерлерге, клуб директоры мені осындай сеніммен таңдағаны үшін рақмет. Капитан болу мен үшін жаңалық емес, сондықтан бұл міндеттің қаншалықты жауапты екенін білемін. Мен сендерді жерге қаратпаймын. Бүгін алғашқы ойынымызды өткіздік, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Қателіктер болды, бірақ біз оларды түзетуге дайынбыз және 2025 жылғы Пролиге дайындаламыз. Алда көп нәрсе бар, бәрі одан да жақсы, мықты және күшті болады”, — деп жазды Алтынбекова Instagram парақшасында.

Еске салсақ, Сабина Алтынбекова командамен қазан айының соңында келісімшартқа қол қойған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie