locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шетелдік инвестормен кездесті

Басқа спорт түрлері 08 сәу 2025 07:41
Азат Максутбек
Азат Максутбек
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шетелдік инвестормен кездесті
ФОТО: министрліктің Telegram-арнасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Ұлттық спорт университетін салып жатқан швейцариялық Mabetex компаниясының басшылығымен маңызды кездесу өткізді. Жиын барысында тараптар жобаның қазіргі кезеңі, құрылыс жұмыстарының сапасы және университеттің болашақ инфрақұрылымын жан-жақты талқылады, деп хабарлайды спорт және туризм министірлігі.

ФОТО: Министірліктің телеграм арнасы

Министр атап өткендей, бұл жобаның жүзеге асуы еліміздің спорттық білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал етіп, халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

«Университет инфрақұрылымы тек білім беру мекемесі ретінде ғана емес, көпсалалы спорттық және ғылыми орталық ретінде де қызмет етеді. Бұл өз кезегінде еліміздегі туризм мен спорт саласының дамуына серпін беріп, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

ФОТО: Министірліктің телеграм арнасы

Кездесуден кейін министр құрылыс барысымен танысып, жобаның бірінші және екінші кезеңдері бойынша жоспарлармен егжей-тегжейлі танысты. Ол құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуының маңыздылығын ерекше атап өтті. Жоспарға сәйкес, жобаның алғашқы кезеңі мамыр айының соңында пайдалануға берілуі тиіс.

ФОТО: Министірліктің телеграм арнасы

Қазіргі таңда бірінші кезең аясындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Көпфункционалды спорт кешені, стадион, жеңіл атлетика манежі, жүзу бассейні, колледж ғимараты мен 500 орындық жатақхана мамыр айында қолданысқа берілмек. Бұл нысандар – оқу үдерісін бастап кетуге қажетті негізгі инфрақұрылымды құрайды.

ФОТО: Министірліктің телеграм арнасы

Жоба толық жүзеге асқанда, университет спорт саласындағы кадрларды даярлаудың барлық деңгейін – колледжден бастап докторантураға дейін қамтитын кешенді жүйеге айналады. Мұнда бір мезгілде 2000-нан астам студент пен 60-қа жуық магистрант және докторант білім ала алады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie