Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 дзюдо турнирін қай жерден көруге болады?
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Kazakhstan Judo Team
9–11 мамыр аралығында Қазақстан астанасы Астана қаласында дзюдодан ірі халықаралық турнир — Qazaqstan Barysy Grand Slam үшінші рет өтеді. Бұл жарысқа 49 елден 400-ден астам спортшы қатысады.
Турнирдің алғашқы күні, 9 мамырда, татамиге әйелдер — 48 кг, 52 кг және 57 кг салмақ дәрежелерінде, ал ерлер — 60 кг және -66 кг салмақ санаттарында шығады.
Жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 10:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Финалдық кезең сағат 17:00-де өтеді.
- Матчтың барлық ең жарқын қызықты Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан намысын 13 спортшы — бес әйел және сегіз ер спортшы қорғайды. Олардың қатарында 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар. Ол -66 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
