locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Прагада жас қазақстандық спортшылар тоғызқұмалақтан өз шеберліктерін көрсетті

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Прагада жас қазақстандық спортшылар тоғызқұмалақтан өз шеберліктерін көрсетті
ФОТО: Instagram

2024 жылғы 6-16 желтоқсан аралығында Прагада тоғызқұмалақтан 13, 15 және 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында халықаралық жарыс өтті.

Жарысқа Чехия, Испания, Мажарстан, Польша және Қазақстаннан спортшылар қатысты. Спорттық шараны Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы ұйымдастырды.

Қазақстандық спортшылар жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, барлық жас санаттары бойынша рапид пен классика ойын түрлерінде бірінші және екінші орындарды иеленді. Жас ойыншылар қарсыластарынан басым түсіп, өздерінің дайындық деңгейін дәлелдеді.

Іс-шара аясында қызығушылық танытқан қатысушылар үшін мастер-класс ұйымдастырылып, тоғызқұмалақтың қызықты ережелерімен жақын танысуға мүмкіндік берілді .

Биатлон. Владислав Киреев Әлем Чемпинатының кезеңінде алғашқы ұпайларын жинады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie